Ана мен бала жылы аясында ашылған Ақтау қалалық перзентханасы 1-шағын аудандағы медициналық қалашықта орналасқан. Бұрынғы ғимаратты перзентханаға ыңғайлап, күрделі жөндеуден өткізу үшін жергілікті бюджеттен 67 миллион теңге бөлінген болатын. Ал оны қажетті құралдармен жабдықтауды «Н оперейтинг компани» ЖШС мойнына алған-ды. Кәсіпорынның осы мақсатқа бөлген 90 миллион теңге қаржысына перзентханаға бастапқы кезеңде аса маңызды болатын заманауи аспаптар сатып алынды. Бұлар-өмірлік маңызды функцияларды қадағалауға мүмкіндік беретін мониторлар, ИВЛ аппаратуралары, шала туылған шараналарға арналған кувездер, УДЗ аппараты, кардиотомограф, фетальді мониторлар, ересектерге және жаңа туылған нәрестелерге арналған мониторлар, оталау үстелі, оталау шамы, көп функциялы босандыратын кереуеттер (трансформерлер), ересектер мен нәрестелер кереуеттері, әйелдің толғағын жеңілдетуге септігі тиетін жабдықтар және басқалар. |