Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы әкімінің блогы
Билiк кұрылымы
Аппарат әкімшілігі
Атқарушы билiк
Өкiлдi билiк
Құқыққорғау органдары
Мемлекеттік қызмет
Бағдарламалар
Бос қызмет орындары
Аймақ туралы ақпарат
Экономика
Бизнес
Өнеркәсiп және энергетика
Iшкi саясат
Ауыл шаруашылығы
Көлiк және байланыс
Көркейту және ТҮКШ
Тұрғын-үй құрылысы
Бiлiм беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтік қорғау
Тарих және мәдениет
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
Спорт және туризм
Табиғат ресурстары
Экология
Ақпараттық технологиялар
ТЖ қызмет
Сайлау
Санақ
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік сатып алулар
Техникалык реттеу туралы
Қазақстан
Президент
«Нұр Отан» партиясы
Мемлекеттік рәміздер
 
 
 
  главную(kz)  
Спорт және туризм

Спортты дамыту және халықаралық дәрежедегі спортшыларды даярлау жұмысы жалғасуда.

Бюджеттен бөлінетін қаражаттың жыл сайын өсуі спортшылардың барлық халықаралық және республикалық сайыстарға қатысуына мүмкіндік беруде. Осы жарты жылдың ішінде ғана спортшыларымыз 123 сайысқа қатысты.

Қазақстан құрамаларына спорттың әр түрі бойынша 140 спортшымыз кіріп, 17-сіне «Қазақстан Республикасының спорт шебері» атағы берілді.

Спорт мектептерінің материалдық-техникалық базасы жетілдірілуде. Биыл балалар мен жастардың күрес, каратэ-до, дзюдо мектептері мен «Каспий» футбол клубы жөнделіп жатыр.

Ақтау қаласында салынатын теннис орталығы құрылысының жобалық-сметалық құжаттары дайындалуда.

Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында заманауи спорт кешенінің құрылысы басталады.

Жақын арада Ақтауда кен игеруші компаниялар қаражатына салынған жүзу бассейні, мұз айдыны бар үлкен сауда және ойын-сауық орталығы қолданысқа беріледі. Енді балаларымызды қысқы спорт түрлеріне бейімдеуге мүмкіндік туады.

«Кендірлі» демалыс аймағын дамыту мақсатында Кувейттің араб экономикалық даму қорымен келіссөздер соңғы кезеңінде өтуде. Келіссөздер нәтижесінде Эль-Кувейт қаласында Маңғыстауда туризм кластерін дамыту жөніндегі мастер-жоспарды дайындаушы IPK International компаниясының филиалы ашылды.

Осы айдың аяғында келісімге қол қойылады деп күтілуде. Келісім аясында инвестор жыл аяғына дейін геотехникалық жұмыстар жүргізіп, демалыс аймағының Бас жоспарын дайындамақ. Ал, алдағы жылдың басында 2 бес жұлдызды қонақ үй, су тұщыту зауыты, демалыс орны жұмысшыларына арналған көп қабатты тұрғын үйдің құрылысын бастау жоспарланды.

Инвестор шарттарын орындау мақсатында біз сыртқы инфрақұрылым нысандарының техникалық-экономикалық негіздемелерін дайындай бастадық.

«Кендірлі» халықаралық әуежайы құрылысын концессия негізінде жүзеге асыру бойынша жұмыстар атқарылуда.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінде Ақтау қаласындағы туризм колледжі алғашқы 150 студентін қабылдап, жұмысын бастайды.

«Ақтау-сити» қалақұрылысы жобасын жүзеге асыру жұмыстары жалғасуда. Ағымдағы жылдың наурыз айында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Біріккен Араб Әмірліктеріне ресми сапары аясында бірінші шағынаудан құрылысын бастау жөніндегі келісімге қол жеткізілді. Ағымдағы жылдың сәуір айында сәулет-қалақұрылысы кеңесінің мәжілісінде қаланың 33 шағынауданы – «Ақтау-ситидің» бірінші шағынауданы құрылысының Тұжырымдамасы бекітілді.

Алғашқы шағынауданның бірінші нысандары егжей-тегжей жоспарланды. Мамыр айында облысқа «SAS International Relations&Investment» компаниясының техникалық группасы іс-сапармен келді. Сапар аясында компания сарапшылары жобалық құжаттамалардың дайындығына және техникалық сипатына жоғары баға берді.

Осының арқасында жақын арада коммерциялық келісім-шарттарға қол қойылып, «Ақтау-ситидің» бірінші шағынауданы құрылысын бастауға жол ашылды.

   
© 2008 Все права защищены (kz)

Valid HTML 4.0 Transitional

RSS
отправить письмо администратору Карта сайта