|
Қазақстан халқы Ассамблеясы Маңғыстау облысында тұратын 80 астам ұлт өкілдерінің және 20 этно-мәдени бірлестіктердің мүдделерін білдіреді. Облыста әзірбайжан, армян, грузин, дағыстан, неміс, татар, украин, лезгин ұлт өкілдерінен құрылған сегіз жексенбілік мектептер жұмыс жасайды. «Дағыстан» этно-мәдени бірлестігінің қолдауымен жоғарыда аталған жексенбілік мектептің бірінде «Достық» бөлмесі ашылды. Онда Маңғыстау облысының этно-мәдени бірлестіктер туралы толықтай материалдар жинақталған. |