Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы әкімінің блогы
Билiк кұрылымы
Аппарат әкімшілігі
Атқарушы билiк
Өкiлдi билiк
Құқыққорғау органдары
Мемлекеттік қызмет
Бағдарламалар
Бос қызмет орындары
Аймақ туралы ақпарат
Экономика
Бизнес
Өнеркәсiп және энергетика
Iшкi саясат
Ауыл шаруашылығы
Көлiк және байланыс
Көркейту және ТҮКШ
Тұрғын-үй құрылысы
Бiлiм беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтік қорғау
Тарих және мәдениет
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
Спорт және туризм
Табиғат ресурстары
Экология
Ақпараттық технологиялар
ТЖ қызмет
Сайлау
Санақ
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік сатып алулар
Техникалык реттеу туралы
Қазақстан
Президент
«Нұр Отан» партиясы
Мемлекеттік рәміздер
 
 
 
  главную(kz)  
Көркейту және ТҮКШ

Облыс елді мекендері өткен жылы электр қуаты, телехабар тарату желісі және телефон байланысымен 100% қамтылды. 2009 жылға арналған Іс-қимыл жоспарын қабылдай отырып, біз биыл бар елді мекендердің тұрғын массивтерін газбен және ауыз сумен 100% қамтамасыз етуді мақсат еттік.

Облыстың дамуына барлық қаржы көздерінен жұмсалатын шығындар осы міндетті ескере отырып жоспарланды.

Облысты газбен қамту туралы аймақтық бағдарламаға сай, Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласын, Баутин және Аташ кенттерін газбен қамту жұмыстары басталады, биыл аяқтаймыз деп жоспарладық. Маңғыстау ауданы Боздақ селосына газ тарту жұмыстары, сондай-ақ «Сайөтес-Ақшымырау-Қызан-Шебір-Тұщықұдық» газ құбырының құрылысы аяқталып келеді.

«Ауыз су» аймақтық бағдарламасы аясында Қарақия ауданының Бұрма және Қолқа, Маңғыстау ауданының Боздақ және 15-разъезд, Бейнеу ауданының Тәжен және Ақшымырау сияқты шағын елді мекендерінде су дайындау жүйелері, Маңғыстау ауданының Сазды, Ұштаған, Тұщықұдық, Жарма және Оңды елді мекендерінің су құбыры, Түпқараған ауданының Ақшұқыр селоішілік және «Кетік-Форт-Шевченко» су құбыры жаңартылып, салынып жатыр.

Бейнеу ауданындағы Есет, Төлеп және Тұрыш селоларында ауыз суды жинайтын және сақтайтын резервуарлар орнатылды.

Сонымен қатар, қолданыстағы су құбырларын жаңарту және қайта салу жұмыстары, жаңа тұрғын массивтерін сумен қамтамасыз ететін әрі Ақтау мен Жаңаөзен қалаларында жаңадан салынған жеке тұрғын үйлерді қамту мәселесін оңтайлы шешуді көздейтін нысандар құрылысы жүргізілуде. 

Осы мақсатта Түпқараған ауданындағы Форт-Шевченко қаласы және Баутин кентінде ауыз су құбыры мен тұрмыстық канализацияның, Ақтау қалалық Орталық сумен қамту торабының құрылғылары мен магистральді құбырларының, Жаңаөзен қаласындағы «Рахат-1,2» шағынаудандарындағы сумен қамту жүйесінің құрылысы жалғасуда. Қарақия ауданында «Ералиев-Құрық» магистральді су құбырының құрылысы басталды.

   
© 2008 Все права защищены (kz)

Valid HTML 4.0 Transitional

RSS
отправить письмо администратору Карта сайта