Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы әкімінің блогы
Билiк кұрылымы
Аппарат әкімшілігі
Атқарушы билiк
Өкiлдi билiк
Құқыққорғау органдары
Мемлекеттік қызмет
Бағдарламалар
Бос қызмет орындары
Аймақ туралы ақпарат
Экономика
Бизнес
Өнеркәсiп және энергетика
Iшкi саясат
Ауыл шаруашылығы
Көлiк және байланыс
Көркейту және ТҮКШ
Тұрғын-үй құрылысы
Бiлiм беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтік қорғау
Тарих және мәдениет
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
Спорт және туризм
Табиғат ресурстары
Экология
Ақпараттық технологиялар
ТЖ қызмет
Сайлау
Санақ
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік сатып алулар
Техникалык реттеу туралы
Қазақстан
Президент
«Нұр Отан» партиясы
Мемлекеттік рәміздер
 
 
 
  главную(kz)  
Көлiк және байланыс

Республикалық және жергілікті маңызы бар автокөлік жолдарын дамытуға ағымдағы жылы барлық қаржы көздерінен ауыз толтырып айтарлық – 6,4 млрд. теңге көлемінде қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2 еседей артық.

«Форт-Шевченко-Таушық» және «Қызылсай-Шопан ата-Оғыланды» көлік жолдарының құрылысы, «Ақтау-Қаламқас», «Таушық-Шетпе» және «Ақтау-Құрық» автожолдарын жөндеу жұмыстары жалғасуда.

«Ақтау-Құйылыс» автомобиль жолы күрделі жөндеуден өтті. 

Барлық аудандар мен қалаларда кентішілік және шағынаудан ішіндегі жолдарды жөндеу жүргізіліп келеді. Ақтау қаласы жолдарын орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға кен игеруші компаниялар есебінен 1,5 млрд. теңге бағытталды.

«Жыңғылды-Шайыр», «Қияқты-Тұщықұдық» автожолдарының құрылысы мен «Ақтау-Форт-Шевченко» көлік жолын күрделі жөндеудің жобалық-сметалық құжаттарын дайындау жұмыстары жүруде.

Жобаланған жұмыстар 2010 жылы республикалық бюджеттің мақсатты трансферттері есебінен жүргізілетін болады. Көлік және коммуникация министрлігімен тиісті келісім бар.

Жолдардың даму қарқыны жыл сайын өсе бермек. Ең алдымен, біз мұны облыс аумағында битум зауытының салынуымен байланыстырамыз.

Инфрақұрылымды дамыту аясында да бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Концессия негізінде жүргізіліп жатқан Ақтау халықаралық әуежайы жолаушылар терминалының құрылысы аяқталып қалды, таяу күндерде пайдалануға беріледі. Әуежайдың ұшу-қону алаңы қайта төселіп жатқанын білесіздер.

«Бейнеу-Шетпе-Жетібай-Ақтау», «Атырау-Ақтау» автожолын қайта салу мақсатында Көлік және коммуникация министрлігімен Еуразия қайта құру және даму банкінің займын тарту жөнінде келіссөздер жүргізілуде.

2010 жылы концессия негізінде басталатын жобалар тізіміне облыс орталығындағы темір жол және автомобиль вокзалдарының құрылысы енгізілді. Жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелері дайын, қазір Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығында мемлекеттік сараптамадан өткізілуде.

«Солтүстік-Оңтүстік» транзиттік дәлізінің маңызды бөліктерінің бірі саналатын «Өзен-Түркіменстанмен мемлекеттік шекара» темір жол желісінің құрылысы бойынша жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындау жұмыстары аяқталып қалды. Нысанның құрылысы екінші жартыжылдықта басталуы тиіс. Бұл мақсатқа ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 1 млрд. теңге бөлінген.

«Ералиев-Құрық» темір жол бөлігінің құрылысы басталды. Нысан 2011 жылы іске қосылады.

«ҚазақстанТемірЖолы» Ұлттық компаниясы ағымдағы жылы өз қаражатына «Жезқазған-Бейнеу» темір жолы «Жезқазған-Сексеуіл» бөлігінің құрылысын бастайды. Бұл да бір шешілген маңызды мәселе. Жолдың екінші бөлігі болып табылатын «Бейнеу-Шалқар» арасы концессиялық негізде салынады деген жоспар бар. Қазір Қазақстанның мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы жобаны концессия тізіміне енгізіп, құрылысты 2010 жылы бастауға қажетті сараптамалық түйіндеме дайындауда.

Көлік және коммуникация министрлігі «Маңғышлақ-Баутин» темір жол бөлігінің құрылысы жөнінде «ҚазМұнайГаз» және «Аджип» компанияларымен  келіссөздер жүргізіп келеді.

Ақтау теңіз портын солтүстік бағытта кеңейту жобасы аясында алғашқы нысандар – порт пен жағалауды толқыннан қорғайтын құрылғылар құрылысы аяқталып қалды. Теңіз табанын тереңдету жұмыстары басталды, мұнан соң төрт мұнай құятын айлақтардың құрылысы жүргізіледі. Бұл 2012 жылдың басында порттың өткізу қуаттылығын екі есе арттырып, жылына 20 млн. тонна мұнайға дейін жеткізуге мүмкіндік береді.

Бейнеу ауданының Бейнеу селосында көліктік-логистикалық орталық пен Тәжен селосында еркін шекара маңы сауда аймағын құрудың техникалық-экономикалық негіздемелері дайын болды. Жобалар «Бейнеу-Шалқар» темір жол бөлігі құрылысының мәселесі толық шешілгеннен кейін жүзеге асырыла бастайды, Үкіметпен солай келістік.

Осы жобалар аясында Тәжен селосын барлық қажетті инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету мәселесі де толыққанды шешімін табады.

   
© 2008 Все права защищены (kz)

Valid HTML 4.0 Transitional

RSS
отправить письмо администратору Карта сайта