Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы әкімінің блогы
Билiк кұрылымы
Аппарат әкімшілігі
Атқарушы билiк
Өкiлдi билiк
Құқыққорғау органдары
Мемлекеттік қызмет
Бағдарламалар
Бос қызмет орындары
Аймақ туралы ақпарат
Экономика
Бизнес
Өнеркәсiп және энергетика
Iшкi саясат
Ауыл шаруашылығы
Көлiк және байланыс
Көркейту және ТҮКШ
Тұрғын-үй құрылысы
Бiлiм беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтік қорғау
Тарих және мәдениет
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
Спорт және туризм
Табиғат ресурстары
Экология
Ақпараттық технологиялар
ТЖ қызмет
Сайлау
Санақ
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік сатып алулар
Техникалык реттеу туралы
Қазақстан
Президент
«Нұр Отан» партиясы
Мемлекеттік рәміздер
 
 
 
  главную(kz)  
Ауыл шаруашылығы

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында «Берекет» кәсіпорны өңірге негізгі азық-түлік түрлерін жеткізіп тұру жөніндегі қолданыстағы меморандумдардың мерзімін түгелдей ұзартты. Үш айлық азық-түлік қоры ұдайы қамтамасыз етіледі.

«Берекет» кәсіпорыны жеткізген азық-түлік облыс бойынша құрылған 63 сауда нүктесінде базардағыдан 30 пайыз төмен бағамен сатылады. Естеріңізде болар, кәсіпорын қызметі алғаш басталғанда өнімдерінің бағасы базардағыдан 10-15% ғана төмен болатын.

Мұндай айтарлықтай елеулі өзгеріске қол жеткізуге кәсіпорынның қуатты да заманауи өндіріс базасының құрылуы  септік етті. Биыл аумағы 500 текше метрлік жеміс-көкөніс қоймасының құрылысы аяқталды. Енді кәсіпорынның өнімді сапалы, ұзақ әрі мол көлемде сақтау мүмкіндігі бар.

Кәсіпорынның баға саясаты арқасында жыл басынан бері сұйық май, сәбіз және жұмыртқаның бағасы – 15-20%, жоғары және бірінші сортты ұн шамамен - 5%, картоп пен қырыққабат - 3%-ға арзандады.

Көп жылдар бойы облыста астық кешенін салу мәселесі шешімін таппай келгені мәлім. Маңғыстау сияқты егін екпейтін өңір үшін бұл өте өзекті мәселе. Өздеріңіз білетіндей, өткен жылдарда нан өнімдері бағасының күрт өсуі бізді батыл қадамдарға қамшылап, тіпті тұмысы төмен отбасыларға әлеуметтік көмек беруге дейін бардық.

Сол қадамдардың арқасында бұл мәселеде оң шешімін тапты. Қазақстан астық одағының қолдауымен, «ҚазАгро» ұлттық холдингі және Азық-түлік корпорациясымен бірлесе отырып, Бейнеу селосында ірі астық өңдеу өндірісі іске қосылады. Маусым айында Бейнеуде құны 6,7 млрд. теңге тұратан, қуаттылығы жылына 1,5 млн. тонна жүк айналымына жететін астық терминалының құрылысы басталды.

16 гектар аумақта 100 мың тонналық астық қоймасы, жылына 90 мың тонна ұн және 30 мың тонна жем-шөп өндіретін цех құрылады. 2010 жылы жобаның екінші кезеңінде нан және макарон өнімдерін шығаратын зауыттар салынбақ. Жоба облыста ұн бағасының айтарлықтай арзандауына және бүкіл Батыс Қазақстан өңірін осы өніммен қамтуға мүмкіндік береді.

Алдағы уақытта осындай жоба Мұнайлы ауданының аумағында да жүзеге асырылмақ.

Жергілікті ауыл шаруашылығы өнімдері өндірісін, соның ішінде тамшылата суару, асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

Соңғы үш жыл ішінде агроөнеркәсіп кешенін дамытуға 1 млрд. теңгеден астам қаржылай көмек көрсетілді.

Салынған қаржының тиімді игерілгені анық көрінді.

Мемлекеттік көмектің арқасында асыл тұқымды мал шаруашылықтары биыл арзандатылған бағамен 25 мың бас ірі қара сатты. Облыстағы ірі қара малдың саны өткен жылмен салыстырғанда 6%-ға артқан.

Осы жарты жылдың ішінде ғана тамшылата суару технологиясы 130 гектар жерге орнатылды, көкөніс-бақша дақылдарына арналған егістік алаңдары 25%-ға кеңейді. Жыл соңына дейін ол жерлерді 1200 гектарға дейін ұлғайту көзделген.

Түпқараған ауданында мемлекеттік қолдаумен биыл балық өңдеу цехы бар балық қабылдау айлағының құрылысы аяқталады.

Осы шаралардың нәтижесінде жарты жылдың қорытындысы бойынша, облыстағы тұтыну бағалары мен әлеуметтік маңызға ие тауарлар мен қызмет түрлері тарифтерінің индексі - 3,5% құрады. Бұл – республика өңірлері арасындағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі.

«МАЭК-Қазатомпром» серіктестігімен ертеректе қол жеткізген келісім бойынша тұрғындар үшін коммуналдық қызмет тарифтері көтерілген жоқ.

   
© 2008 Все права защищены (kz)

Valid HTML 4.0 Transitional

RSS
отправить письмо администратору Карта сайта