Маңғыстау облысының әкімі
Маңғыстау облысы әкімінің блогы
Билiк кұрылымы
Аппарат әкімшілігі
Атқарушы билiк
Өкiлдi билiк
Құқыққорғау органдары
Мемлекеттік қызмет
Бағдарламалар
Бос қызмет орындары
Аймақ туралы ақпарат
Экономика
Бизнес
Өнеркәсiп және энергетика
Iшкi саясат
Ауыл шаруашылығы
Көлiк және байланыс
Көркейту және ТҮКШ
Тұрғын-үй құрылысы
Бiлiм беру
Денсаулық сақтау
Әлеуметтік қорғау
Тарих және мәдениет
Қазақстан халықтарының Ассамблеясы
Спорт және туризм
Табиғат ресурстары
Экология
Ақпараттық технологиялар
ТЖ қызмет
Сайлау
Санақ
Мемлекеттік қызметтер
Мемлекеттік сатып алулар
Техникалык реттеу туралы
Қазақстан
Президент
«Нұр Отан» партиясы
Мемлекеттік рәміздер
 
 
 
  главную(kz)  
Iшкi саясат

 Ақпараттық саладағы жұмыс.

Маңғыстау облысында 2009 жылдың 30 маусымы мерзіміне барлығы 37   бұқаралық ақпарат құралдары - 29  баспа БАҚ-ы, оның ішінде 24 газет, 5 журнал және 8 электрондық БАҚ-ы, оның ішінде 2 телеарна, 2 радиостанция, 4 кабельді телеарна операторлары жұмыс істеді. Облыстағы жалпы медиақұрылымының 87%-ы мемлекеттік емес, ал 13 %-ы мемлекет меншігінің есебінде. Есепке алынған БАҚ-ның меншік иелерінің көпшілігі ЖШС түрінде болып келеді. Қазіргі таңда 13 БАҚ мемлекеттік меншік түрінде, 21-і әр түрлі заңды тұлғалар, 2-уі-жеке кәсіпкер, 1-уі қоғамдық бірлестік меншігінде. БАҚ-дың тақырыптық бағыты: 13-і – қоғамдық-саяси, 10-ы – ақпараттық-жарнамалық, 6-уы - ақпараттық-танымдық, 1-уі - ғылыми-ақпараттық, 1-уі – ақпараттық-экономикалық, 6-ы - ақпараттық-сауықтық. Бөлім қызметкерлері БАҚ-н ашқысы келген 15 адамға құқықтық кеңес көрсетті.

1 сәуірде облыстағы бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс жөніндегі Кеңестің отырысы өтті. «Аудандық «Мұнайлы» газетінің редакциясы тілшілерінің ауданның әлеуметтік-экономикалық және саяси  тіршілігін жария етудегі корпоративтік  жауапкершіліктері туралы», «Журналистердің және атқарушы органдар өкілдерінің заңды жауапкершіліктерін сезінулеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер талаптары туралы»,  «Бұқаралық ақпарат құралдарында әлемдегі дағдарыс тақырыбында  материалдар жариялауда журналистердің кәсіби, корпоративтік этикасы мен жауапкершілігі туралы», «Елбасы Жолдауында көрсетілген міндеттердің жүзеге асырылуы және әлемдегі дағдарыстың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсерін еңсеруге байланысты облыс әкімдігі тарапынан алынып жатқан шаралардың бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жариялануы туралы» тақырыптар Кеңес отырысының күн тәртібінде қаралып, тиісті ұсыныстар берілді.

Қазақстан Республикасы  Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын (Жолдау) түсіндіру және насихаттау бойынша жұмыстар ұйымдастырылды.

Жолдауды түсіндіру және насихаттау бойынша іс-шаралар жоспары жасақталды.

Облыс әкімінің 2009 жылдың 13 наурызындағы «Қазақстан Республикасы  Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру бойынша облыста ақпараттық-насихаттау топтарын құру туралы» №20 өкімімен құрамында 82 адамы бар 7 ақпараттық-насихаттау тобы (АНТ) құрылды.  Осыған байланысты АНТ-ы Жолдауды насихаттау мақсатында наурыздың 18-і мен сәуірдің 1-і аралығында және  Елбасының «Нұр Отан» ХДП-ның ХІІ съезінде жасаған баяндамасында көрсетілген дағдарыстан өту және дағдарыстан кейінгі  дамудың жолдары мен оларды жүзеге асыруға арналған міндеттерді түсіндіру мақсатында мамырдың 20-сы мен маусымның 1-і аралығында тұрғындармен кездесулер өткізілді.

Сонымен қатар мемлекеттік  ұлттық саясатты түсіндіру үшін құрамында ұлттық-мәдени орталықтарының мүшелері және ардагерлер кеңесінің өкілдері бар АНТ-ның жұмысы ұйымдастырылды.

І жартыжылдықта АНТ мүшелерінің өткізген кездесулерінің саны – 143. Кездесуге қатысқан тұрғындар саны – 14410 адам. Кездесу кезінде сөз алған тұрғындардың саны –207.

Тұрғындардың сұрақтары мен ұсыныстары жан-жақты сұрыпталып, оларға байланысты іс-шаралар жоспары жасақталды. Іс-шаралар жоспары сәйкесті басқармаларға, әкімдіктерге жолданып, жауаптары жинақталды. Жолдауды насихаттауға байланысты кездесулердегі тұрғындардан түскен 40 сұрақтың:

- 2011 жылы орындалатыны – 1 шара,

- 2010 жылы орындалатыны – 9 шара,

- 2009 жылдың ІІ жартыжылдығында орындалатыны – 18 шара,

- 2009 жылдың сәуір-мамыр айында орындалатыны – 12 шара.

 

 

Этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы жұмыс.

 

Маңғыстау облысы бойынша 30 діни ұйым бар, соның ішінде Әділет департаментінде тіркелген 22 діни бipлecтік (Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 12 бөлімшесі, христиандық сенімдегі православиялық, католиктік, протестанттық бағыттағы 10 діни бірлестік) және 8 заңды тұлға белгілері жоқ саны аз діни топтар.

Маңғыстау облысында 14 ғибадат орны қызмет көрсетуде. Оның ішінде 11 мешіт, 1 орыс православие, Евангелдік христиан-баптистерінің 1 және Жаңаапостолдықтардың 1 шipкeyлерi бар. «Возрождение» христиандық миссиясы» діни бірлестігі Ақтау қаласында шіркеу құрылысын жүргізуде.

2009 жылдың маусым айының бастап облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырмасымен «InfoSystem» («Инфосистем») зерттеу орталығы облыстағы діни ахуалды және экстремизмге, террозизмге қарсы күрес жұмысын зерттеу мақсатында сауалнамалар Ақтау және Жаңаөзен қалаларында, Түпқараған ауданында (Форт-Шевченко қаласы, Аташ, Баутино және Ақшұқыр кенттерінде), Маңғыстау ауданында (Шетпе селосы), Қарақия ауданының (Құрық кенті) және Мұнайлы ауданында (Маңғыстау және Қызылтөбе кенттерінде) жүргізілуде. Сауалнама нәтижесі бойынша қосымша ақпарат жолданады.

            Облыста тіркелмеген діни ағымдар және оларды ұстанушыларды анықтау жұмыстары да жүргізілуде. Нәтижесінде облысымызда соңғы кездерде жұмыстанып жүрген радикалды діни ағымдардың мүшелерін анықтап, олардың теріс әрекеттерін алдын-алу мақсатында үнемі бақылауда ұстауда.

Ағымдағы жылдың 23 ақпанында Түпқараған аудандық қалалық ішкі саясат бөлімінде Ақшұқыр, Таушық, Қызылөзен, Баутин селолық және поселкесінің әкімдерінің, білім бөлімі өкілінің, «Ақкеттік» және «Ержан Хазірет» мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен діни ахуал туралы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі аудандық кеңестің отырысы өткізілді.

Бұл отырыстың нәтижесі бойынша: Кеңестің 2009 жылға жұмыс жоспарын бекіту, ішкі саясат, құқық қорғау органдарымен бірлесіп діни бірлестіктерге тексеру жүргізу, білім  беру мекемелерінде діни тақырыпта имамдарды қатыстырып кездесулер, әңгіме-сұхбаттар ұйымдастыру жөніндегі ұсынымдар  қарастырылды.

25 ақпанда Жаңаөзен қалалық ішкі саясат бөлімінде Жаңаөзен қаласының, Теңге және Қызылсай селолық мешіттерінің бас имамдарының қатысуымен өңірдегі діни ахуал туралы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі қалалық Кеңестің отырысы өтті. Осыған байланысты, осы Кеңестің нәтижелері бойынша мектептердің оқушылары арасында діни бірлестіктерінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастыру жөнінде ұсыным  қабылданды.

Осы жылдың 20 ақпанында және 13 мамырында Мұнайлы аудандық әкімдігі Кеңесінің «2008 жылы жасалған жұмыстардың қорытындысы, 2009 жылға арналған Кеңестің жұмыс жоспарын бекіту туралы», «Дінің қоғамдағы орны туралы» деген тақырыптарда екі мәжілісі өтті. Сондай-ақ, ағымдағы жылдың осы Кеңестің нәтижелері бойынша аудан мектептерінің түліктерімен пікірлесу сағаттары өткізу жөнінде ұсыным қабылданды. Кеңестің хаттамасын орындау мақсатында Маңғыстау кентінің, Қызылтөбе селолық округінің және Дәулет кентінің мектептерінде аудандық ішкі саясат бөлімімен пікірлесу сағаттар өткізіліп, мектепте рухани-адамгершілік бағытта жұмысты одан әрі жандандыру, ата-аналар арасында кездесулер ұйымдастыру ұсынымдар  қабылданды. 

Ағымдағы жылдың 29 мамырында Бейнеу ауданы әкімдігі Кеңесі «Бейнеу орталық мешіті жұмысының жай – күйі туралы», «Бейнеу ауданындағы білім беру мекемелерінің діни мәселелері туралы» деген тақырыптарда мәжіліс өткізді. Осы Кеңестің нәтижелері бойынша қоғамдық бірлестіктер, ұлттық-мәдени орталықтары және үкіметтік емес ұйымдары өкілдерінің қатысуымен жастар арасында рухани-тәртіптік жұмыстарын күшейту және т.б. жөнінде  ұсынымдар қабылданды.

 

 

                Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен жұмыс.

 

       Облыс аумағында республикалық саяси партиялардың он облыстық филиалы қызмет атқарады.

       Облыстың қоғамдық-саяси өміріндегі ең басты жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

      Жоғарыда аталған басым бағыттар аясында ағымдағы жылдың ақпан айында облыстағы саяси партиялардың облыстық филиалдары арасында саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Меморандумға қол қою кезінде ғаламдық қаржы және экономикалық дағдарыс жағдайында Тәуелсіз еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында саяси партиялардың облыстық филиалдарының жетекшілері кіретін Қоғамдық Кеңес құру шешілді. Қоғамдық Кеңестің әр айдағы отырыстарда аймақтағы маңызды мәселелер талқыланды, мекемелердегі жұмыссыздық пен қайта даярлаудың жайы туралы және Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» ЖШС-гі жағдай және Ақтау қаласындағы базарды көшіру мәселелелері, «Ауыз су»  бағдарламасының орындалысы туралы, Мұнайлы ауданындағы тұтынушыларға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жақсарту, отандық азық-түлік және өндірістік тауарлардың орынсыз қымбаттануына байланысты алынып жатқан шаралар туралы, облыс көлемінде қылмыстылық ахуалды тұрақтандыру барысындағы атқарылып жатқан шаралар туралы, Ақтау қаласындағы пәтер иесі кооперативтерінің жұмыстарының жайы туралы діни, көші-қон мәселелері қаралды.

 

                Саяси партиялармен, үкіметтік емес ұйымдармен және басқа да қоғамдық бірлестіктермен жұмыс.

 

       Облыс аумағында республикалық саяси партиялардың он облыстық филиалы қызмет атқарады.

       Облыстың қоғамдық-саяси өміріндегі ең басты жұмыс әлеуметтік мәселелерді шешуге, қоғамда тұрақтылықты сақтауға бағытталған.

      Жоғарыда аталған басым бағыттар аясында ағымдағы жылдың ақпан айында облыстағы саяси партиялардың облыстық филиалдары арасында саяси-әлеуметтік тұрақтылықты сақтаудағы ынтымақтастығы туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ Меморандумға қол қою кезінде ғаламдық қаржы және экономикалық дағдарыс жағдайында Тәуелсіз еліміздегі қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында саяси партиялардың облыстық филиалдарының жетекшілері кіретін Қоғамдық Кеңес құру шешілді. Қоғамдық Кеңестің әр айдағы отырыстарда аймақтағы маңызды мәселелер талқыланды, мекемелердегі жұмыссыздық пен қайта даярлаудың жайы туралы және Жаңаөзен қаласындағы «Бұрғылау» ЖШС-гі жағдай және Ақтау қаласындағы базарды көшіру мәселелелері, «Ауыз су»  бағдарламасының орындалысы туралы, Мұнайлы ауданындағы тұтынушыларға көрсетілетін коммуналдық қызмет сапасын жақсарту, отандық азық-түлік және өндірістік тауарлардың орынсыз қымбаттануына байланысты алынып жатқан шаралар туралы, облыс көлемінде қылмыстылық ахуалды тұрақтандыру барысындағы атқарылып жатқан шаралар туралы, Ақтау қаласындағы пәтер иесі кооперативтерінің жұмыстарының жайы туралы діни, көші-қон мәселелері қаралды.

 

Үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс

 

       Облыс аумағында 50-ден аса үкіметтік емес ұйымдар белсенді қызмет атқаруда.

       Үкіметтік емес ұйымдардың көпшілігі әлеуметтік бағытта қызмет атқарады және олар басты мақсат ретінде әртүрлі әлеуметтік топтар өкілдерін облыстың қоғамдық маңызы бар мәселелерін шешуге тарту болып табылады.

       Облысымызда азаматтық бастамашылықты дамытуға, азаматтардың  облысымыздың дамуына қатысуға жағдай жасалуына ұдайы жұмыстар атқарылуда.

       Жаңаөзен қаласының «Жалын» жастар орталығында «Қазақстан студенттер Алянсы» қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы белсенділері Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында қаланың орта кәсіптік білім беру орындарының студеннтеріне арнап жиналыс өткізді.

       «Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсы» үкіметтік емес ұйымдардың Ресурс орталығында «Мемлекеттік органдардың интернет ресурстарында жарияланатын ақпараттың сапасын арттыру сұрақтарының қоғамдық маңыздылығы» атты дөңгелек үстел өткізді. Сондай-ақ, «Маңғыстау облысы Азаматтық Альянсы» бұл тақырыпта қала және аудандарда сұхбат алаңдарын өткізді.

 

Жастармен және жастар ұйымдарымен жұмыс.

 

«Жастар саясаты мен патриоттық тәрбиені іске асыру жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында, жастармен жұмыс бөлімдерімен жылдық, айлық, апталық іс – шаралар жоспары жасақталып, оның орындалуы бақылауда тұр.

Елбасының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауындағы басты бағыттардың бірі – еліміздегі жұмыссыздықты болдырмау және оның алдын-алу тапсырмасын орындау мақсатында, «Жасыл ел» облыстық штабы 2009 жылға қала аумағындағы көгалдандыру және тазалау  жұмыстарымен айналысатын  «Көктем», «Қала жолдары» МКК-мен  келіссөздер жүргізді, сарбаздар 1-шілдеден бастап жұмысқа шықты. Қазіргі таңда «Жасыл ел» штабында 200-ге жуық жас сарбаз тіркелген  және бұл тіркеу жалғаса береді.

Сонымен қатар, студенттік құрылыс жасақтарына студенттерді қабылдау жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі күні 10 сарбаз «Нияз Мұхаммед» ЖШС-да жұмыс жасауда, облыстық денсаулық сақтау басқармасына қатысты объектілерді жөндеу жұмыстарына да 20-ға жуық  сарбазды  орналастыру жоспарлануда. Жаңаөзен қаласында жергілікті бюджеттен студенттік құрылыс жасағы және «Жасыл ел» сарбаздарына (400 адамға)  қаражат қарастырылды.

Түпқараған ауданында «Біз жастарға сенеміз!» атты аудан жастарының конференциясы өтті. Конференцияға мемлекет қызметкерлері, ардагерлерлер, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және жастар қатысты.

14 наурыз күні – «Отпан тау» мәдени – тарихи кешенінде Амал мерекесі аталып өтілді. Мереке шаралары аясында «Жасыл ел» еңбек жасақтары, «Қазақстан студенттері Альянсының» Маңғыстау облыстық филиалы мүшелері дәстүр бойынша жаңа көшеттер отырғызды.

 

Мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асу барысы жөнінде

 

Маңғыстау облысында облыс әкімі жанындағы мемлекеттік рәміздер жөніндегі комиссия бекітілген жоспарға сайкес жұмыстарын атқаруда. Биылғы жылы аталған комиссияның 2 отырысы өтті.

Комиссия отырыстарында мемлекеттік органдар мен мекемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерді орналастыру ережесінің қатаң сақталуы, Мемлекеттік рәміздердің қабылданған стандартарға сәйкес болуы, олардың қолдану аясын кеңейту, сондай-ақ, барлық денгейдегі білім беру ұйымдарында Мемлекеттік рәміздерді пайдалану мен насихаттаудың әдістемелік негізде жүйелі жүргізілуі т.б. мәселелер қаралып, сәйкесті шешімдер қабылданды. 

4 маусым - Мемлекеттік рәміздер күніне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздерін насихаттау арқылы мемлекет саясатын жүзеге асыруға жас ұрпақты белсене қатыстыра отырып, жоғары патриоттық сананы, өз елімізге деген мақтаныш сезімдерін қалыптастыру мақсатында облыстағы үкіметтік емес ұйымдардың, жастардың, ұлттық-мәдени орталықтар өкілдерінің қатысуларымен көптеген патриоттық іс-шаралар тұрақты өткізіліп тұрады.

            Аталған мерекені облысқа қарасты қалалар мен аудандарда да атап өтті. Атап айтқанда Түпқараған, Маңғыстау аудандарында және Ақтау қаласында 25 мамырдан 4 маусым аралығында «Менің тілім –қазақ тілі», «Рәміздерге құрмет-тәрбие құралы», «Мемлекеттік рәміздер – биік тұрар ұғымдар»  тақырыбында дөңгелек үстелдер, «Мемлекеттік рәміздер және ұлттық идеялардың қалыптасу проблемалары» құқықтық оқуы, жастардың «Менің Отаным - Қазақстан» патриоттық акциясы, «Еңселі еліміз туымен тұғырлы» танымдық кештері және «Сұрағандарың сөз болса...» атты жастар поэзиялық кеші ұйымдастырылды. Аталған кеште жас ақындардың патриоттық тақырыпта өлендері оқылды. 

Мұнайлы ауданында жылдық жоспарға сәйкес аудандық мектептерде мемлекеттік рәміздерді насихаттау жөнінде тәрбие жұмыстары жүргізілуде, мектепаралық «Менің Отаным – Қазақстан»  атты патриоттық әндер байқаулары өткізілді.

Жаңаөзен қаласында  мемлекеттік рәміздер күніне орай жастар патриоттық акциясы өткізілді. Шеруде ені 5 метр, ұзындығы 10 метр Мемлекеттік Тумен, транспаранттармен, ұранды сөздермен «Жалын» жастар орталығынан бастау алып «Самал», «Көктем», «Өркен» шағын аудандарынан бойымен қаламыздың орталық «Тәуелсіздік» алаңына  келіп сап түзеп, ҚР Мемлекеттік Гимні шырқалып, қала басшылары мерекелік құттықтаулар айтып, жалғасы концерттік бағдарламамен өтті. Шеруге Жаңаөзен қаласының барлық мектеп оқушылары, колледж студенттері  қатысты.

Облыстың қала, аудандарының білім беру ұйымдарында, кітапханаларында «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы»,  «Ұлттық рәміздер - мақтанышым», «Қазақстан Республикасының рәміздері», «Тәуелсіздіктің қасиетті белгілері», «Я гражданин Казахстана» т.с.с. тақырыптарда сынып, сайыстар, тәрбие сағаттары, дөңгелек үстелдер, апталықтар өткізіледі.

 

   
© 2008 Все права защищены (kz)

Valid HTML 4.0 Transitional

RSS
отправить письмо администратору Карта сайта